Елдегі 10 012 сайлау учаскесі дауыс беруге дайын – Орталық сайлау комиссиясы
Бұл жөнінде ОСК хатшысы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңында» өткен референдум тақырыбына қатысты отырыста мәлім етті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес органының (ККО АӨДА) кезектен тыс отырысында еліміздің қазіргі саяси күн тәртібіндегі ең ірі мәселе – 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдум тақырыбы қаралды.
Іс-шара ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалығымен өтті. Өзінің кіріспе сөзінде ол азаматтардың алдағы дауыс берудің зор маңыздылығын және Конституцияға ұсынылған түзетулер қабылданған жағдайда, жаңартылған Конституция негізінде қазіргі қолданыстағы басқа да